Маңғыстауда жұмысшылар наразылық білдірді

601

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты Жетібай кетінде "Технотрейдинг ЛТД" ЖШС жұмысшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстауда жұмысшылар наразылық білдірді Фото: видеодан скриншот

Бүгін олар жалақыларын 100% көтеруді талап етіп наразылық білдірді.

"Жалақымыз аз. Қазір бәрі қымбат. Алған айлығымыз ештеңеге жетпейтін болды. Барлығымыздың отбасымызда несие бар, балаларды ЖОО оқытып отырмыз. Тамақ күн сайын қымбаттап барады. Әлеуметтік жағдайымыз қиындап кетті. Сондықтан да жалақымызды тез арада өсіруді сұраймыз", – дейді жұмысшылар. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу