Маңғыстауда жұмыссыз жастар өтінім бере бастады

629

Маңғыстау облысында жұмыссыз жастарға арналған "Zhas project" жобасына өтінім қабылдау басталды.

Маңғыстауда жұмыссыз жастар өтінім бере бастады

Шара аясында 63 жеңімпаз 1 млн теңгеге дейін грант алуына мүмкіндік бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдаған жоба 18-28 жас аралығындағы жастарға арналған. Оған бизнес идеясы бар жұмыссыз жастар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, "Алтын" және "Күміс" алқа иелері, жетім балалар мен көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Сондай-ақ бұл тізімге жатпайтын, бірақ үздік әлеуметтік жобасы бар жастар да үміткер бола алады. Өтінім онлайн түрде, zhasproject-mangystau.kz сайты арқылы 10 тамызға дейін қабылдануда.

Үздік жобаларды арнайы комиссия анықтайтын болады.

Айта кетейік, "Zhas project" жобасы осыдан 2 жыл бұрын да жүзеге асып, 300-ге жуық адам грант ұтқан еді.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу