Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған

416

Сотталушы сот залынан қамауға алынды.

Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған Фото: canva

Маңғыстауда алкогольдік масаң күйде көлік басқарған және көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау ауданында азамат Н. ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Сот шешімімен 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған еді.

Белгіленген тыйымға қарамастан, мамыр айының соңында азамат Н. көлік жүргізу құқығынан айырылсада қайтадан көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Маңғыстау аудандық сотының үкімімен азамат Н. Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, сондай-ақ өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу