Маңғыстауда жылусыз қалған ауыл бар

554

Мұнайлы ауданының Батыр ауылында әлі де жылусыз отырған отбасылар наразылық білдіруде. 

Маңғыстауда жылусыз қалған ауыл бар

5 жылдан бері көгілдір отын көрмеген олар күн суытса от жағып әлекке түседі. Газ өндіретін өңірде мұның өзі ақылға сыймайды дейді тұрғындар. Тамақ пісіру де оңайға соқпайды. Қауіпті газ баллонды қолданудан басқа шара жоқ. 

"Әкімге барып табанымыз тозды. Отын да жоқ, сатып алайық десек көмір де жоқ. Үй суық, немерелеріміз ауырып жатыр. Түтінге тұншығып отырмыз, өртеніп кетсек кім кінәлі болады?" - дейді Алтын Мұхамбетова. 

Кейбір тұрғындар қыс түскенде үйін тастап, қаладан пәтер жалдап кетуге мәжбүр. Газдың бірнеше жылдан бері тартылмай қалуын мердігер құрылыс материалдарының қымбаттауымен түсіндіреді. Енді толықтай газ тарту үшін жобаға түзету енгізілу қажет. 

"Нақты шешім облыс әкімдігі тарапынан қабылданатын болады. Аталған нысанның құрылысын уақытынан бұрын аяқтау бойынша мердігерге бірнеше рет хат жолданды. Атқарылмаған жағдайда сот құзырына жолданатын болады", - деді Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет бөлімі басшысының орынбасары Қыдырберген Балиев.

Жергілікті әкімдік өкілінің айтуынша, тұрғындардың үй салған жері алғашында бір ғана адамға қосалқы шаруашылық учаске ретінде берілген. Артынша жер иесі аумақты бірнеше бөлікке бөліп сатып жіберген. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу