Маңғыстауда жыртқыш құстарды оңалтуға арналған орталық ашылды

106

Маңғыстау өңірі – құстар қоныс аударатын маңызды көші-қон бағытының бірі.  

Маңғыстауда жыртқыш құстарды оңалтуға арналған орталық ашылды Фото: egemen.kz

Аймақта жыртқыш және Қызыл кітапқа енген құстарды құтқаруға арналған уақытша оңалту орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталықтың негізгі мақсаты – жарақат алған немесе әлсіреген құстарды қабылдап, ветеринарлық көмек көрсету, емдеу және оңалтудан кейін оларды табиғи мекеніне қайта жіберу.

Мамандардың айтуынша, өңірде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар жиі ұшырасады. Алайда олар электр желілеріне, көлікке немесе өзге де инфрақұрылым нысандарына соғылып жарақат алып, кейде заңсыз аулаудың құрбанына айналады.

Орталық мамандары тұрғындарды жараланған немесе әлсіреген жыртқыш әрі Қызыл кітапқа енген құстарды өз бетінше емдеуге әрекет жасамауға шақырды. Мұндай жағдайда құсты мамандарға тапсырып, қажетті көмекке жүгіну қажет.

Орталықта бүркіт, ителгі, лашын, дала қыраны, аққұйрық субүркіт, үкі, жапалақ сияқты жыртқыш құстармен қатар, қоқиқаз, бұйра бірқазан және өзге де Қызыл кітапқа енген сирек құстар оңалтылып, сауығып шыққаннан кейін табиғи ортасына қайта жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу