Маңғыстаудағы 14 сарбаздың қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынды

927

Бұдан өзге 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді.

Маңғыстаудағы 14 сарбаздың қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазіргі уақытта 8 лауазымды тұлға қамауда отыр. Бас прокуратура Каспий теңізіндегі трагедияға қатысты тергеу аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізілді.

Еске сала кетейік, тергеу барысында қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынды. Олар – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге болмайды", – делінген хабарламада.

Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр.

Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу