Маңғыстаудағы әскерилер қазасы: Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр

456

Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда.  

Маңғыстаудағы әскерилер қазасы: Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр Фото: kaz.inform.kz

Арнайы топ Маңғыстау облысында болған оқиғаның барлық мән-жайын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтап жатыр. Бұл туралы Үкіметтік комиссия өкілі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Избергенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін сағат 09:15-те үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, оқиға болған аумақтағы іздестіру жұмыстары толық аяқталды. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туысы мен жақындарына, сондай-ақ қаруластарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр", – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Избергенов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде, қылмыстық іс қозғалды. Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауда.

"Тергеу барысында болған оқиғаға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап беріледі. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу және сот нәтижесінде кінәсі анықталған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Негізгі міндет – қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтап, қажетті шаралардың барлығын қабылдау", – деп атап өтті ол.

Тергеу нәтижелері мен барлық ресми ақпарат қоғам назарына уақытылы жеткізілетіні айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу