Маңғыстаудағы бір ауылда мектепті 2 түлек аяқтады

4752

Облыста барлығы 7439 түлек мектеппен қоштасты.  

Маңғыстаудағы бір ауылда мектепті 2 түлек аяқтады Фото: бейнеден скриншот

Маңғыстау облысы Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатын екі түлек аяқтады, деп жазады inbusiness.kz Mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап. 

Ресурстың мәліметінше, интернатта бар-жоғы 104 оқушы ғана білім алады. Биыл білім ордасын екі оқушы қыз бітірді. Мектеп директоры Айса Сағындықовтың сөзінше, көбі тоғызыншы сыныптан кейін колледжге түскен көрінеді. 

"Биыл Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатын екі түлек бітірді. Мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның елуі интернатта жатады. Білім ордасында 29 мұғалім жұмыс істейді", - деді білім ордасының басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу