Маңғыстаудағы екі ірі кәсіпорын бюджетке 9 млрд теңге қарыз болып отыр

866

Маңғыстаудағы екі ірі кәсіпорын бюджетке 9 млрд теңге қарыз болып отыр

Бүгінгі күні Маңғыстау облысында екі ірі борышкер бар. Олар бюджетке 9 млрд теңгеден астам қаражат қарыз болып отыр. Бұл туралы "Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің 2017 жылғы жұмыс қорытындысы" атты тақырыпта өткен семинарда ведомство басшысы Әлібек Тілегенов мәлім етті.

Бұл компаниялардың жалпы қарызы –9,7 млрд теңге, бұл облыс бойынша жалпы қарыздың 67,8%-ын құрап отыр.

"Қазполмұнай" ЖШС-ы қарызы – 6,1 млрд теңге, "Толқынмұнайгаз" ЖШС қарызы – 3,6 млрд теңге. Бұл борышкерлерге  Саылқ кодексінде қарастырылған барлық тиісті өндіріп алу шаралары қолданылуда.

"Сонымен қатар бұл кәсіпорындардың қарызы туралы мәселе 2010 жылдан бері Арбитраждық сотта (Стокгольм, Швеция) және Ағылшын Жоғарғы сотында қаралып жатыр", – деді Әлібек Тілегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу