Маңғыстаудағы құм көшкінін тоқтату үшін сексеуіл отырғызылуда

398

2004 жылдан бері елді мекендер айналасын көшпелі құмнан қорғау жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Маңғыстаудағы құм көшкінін тоқтату үшін сексеуіл отырғызылуда Фото: Табиғи ресурстар басқармасы

Маңғыстауда елді мекендер айналасын көшпелі құмнан қорғау мақсатында түрлі жұмыстар жүргізілуде. Қоршаған орта мен халыққа төнген қауіпті сейілту мақсатында облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2004 жылдан бері елді мекендер айналасын көшпелі құмнан қорғау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі уақытта Ұштаған, Тұщықұдық, Шебір, Сенек ауылдарының айналасында жалпы көлемі 3328,9 га аймаққа сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіліп, оның 2182,5 гектары орман көмкерілген жерге айналды.

2022 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сазды, Сауысқан елді мекендерінің айналасына құм тоқтату жұмыстары басталып, 2023 жылы жалпы 53,62 гектар аумаққа 36201 сексеуіл, 34191 жүзгін және 34191 жыңғыл ағаштары отырғызу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, қазірге дейін жоспардың 50%-дан астамы орындалды. Сонымен қатар механикалық жұмыстар, яғни, қоршау, қамыстан тоқылған механикалық қорған, көшпелі құм үйінділерін тұрақтандыру мақсатында саз топырақ төсеу жұмыстары да қоса жасалған. Жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу