Маңғыстаудағы мектептерге 4 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

661

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы бойынша 154 мемлекеттік мектепке бейнекамера қойылды.  Олар облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдеріне тікелей қосылған. 

Маңғыстаудағы мектептерге 4 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

Білім ордаларындағы жалпы бейнекамера саны - 4 мың 398. Бұдан бөлек 113 мектепке дабыл түймесі орнатылған.  

Жалпы өңірде қауіпсіздік техникалары қосылған 181 мектеп бар. Оның ішінде 154-і мемлекеттік білім ошағы және 27-сі жеке меншік мектеп. Мектептерде орналасқан дабыл түймелерін басу арқылы, мекен-жай бойынша полиция жасағын шақыртуға болады.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу