Маңғыстаудағы мұнай компаниясы мемлекетке сыйға тартылды

350

"Phystech II" АҚ акционерлері компанияның акцияларын мемлекет пайдасына өз еркімен беруге шешім қабылдады. 

Маңғыстаудағы мұнай компаниясы мемлекетке сыйға тартылды Фото: ALMALY.KZ

Бүгінгі таңда компанияның бағалау құны 35 млрд теңгеден асады.

Компанияда кезектен тыс жалпы жиналыс өтіп, онда акцияларын мемлекет пайдасына беру туралы шешім қабылданды.

"Акционерлер жалпы бағалау құны 35 млрд 417 млн 122 мың теңге болатын 13 749 100 жай акциясын (қоғамның жай дауыс беретін акцияларының 100 пайызы) мемлекет пайдасына өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта дауыс беретін акциялардың 99,28% "КазСтройПроект-А" ЖШС, тағы 0,72% Қайрат Боранбаевқа тиесілі",- дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Phystech II" АҚ жер қойнауын пайдаланушы компаниясы өз қызметкерлерінің құқықтарын бұзып, экологиялық заңнаманың талаптарын орындамағаны хабарланған болатын. Осы және басқа да бұзушылықтар үшін кәсіпорыннан мемлекет пайдасына 1,2 млрд теңге өндіріп алынды.

Ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаевты 2022 жылдың 15 наурызында Алматыдағы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады. 2022 жылғы 30 қыркүйекте АФМ-де "Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты айыптау бойынша қылмыстық істі тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады.

2022 жылғы 30 желтоқсанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды. Боранбаев ішкі нарыққа газ жеткізу жөніндегі мәміле коммерциялық сатып алу-сату шарты болып табылатынын және экономиканың барлық салаларында күн сайын жасалатындардан еш айырмашылығы жоқ екенін түсіндірді.

2023 жылғы 31 наурызда "QazaqGaz" ұлттық компаниясына ресейлік газды қайта сату кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау туралы іс бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 2023 жылдың 1 шілдесінде апелляциялық сот бірінші сатыдағы айыптау үкімін алып тастады, ал 2023 жылдың 15 қыркүйегінде апелляциялық алқа кәсіпкерге мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу