Маңғыстаудағы Ыбықты сайда жартасқа жазу жазған ер адам ұсталды

1031

34 жастағы күдікті ұсталды. 

Маңғыстаудағы Ыбықты сайда жартасқа жазу жазған ер адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында жартастың бетіне жазу жазған ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан ер адамның жартасты белгісіз затпен қашап, оған жазу жазғанын көруге болады. Видео көпшілік арасында наразылық тудырды. Желі қолданушылары табиғи нысандарды бүлдіруге жол бермеу керектігін айтып, ер адамның жауапқа тартылуын сұрады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында "Ыбықты сай" табиғи нысаны аумағында вандализм фактісі анықталған.

– Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 34 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр, – деп хабарлады полиция.

Ведомство табиғи нысандарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрбір фактіге құқықтық баға беріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу