Маңғыстаудан Византия дәуіріне тиесілі тиындар табылды

186

Тиындар мыс пен күмістен соғылған.  

Маңғыстаудан Византия дәуіріне тиесілі тиындар табылды Фото: instagram.com/aspabota

Археолог Андрей Астафьев Маңғыстау облысындағы Қарақабақ қалашығын зерттеу барысында Византия кезеңіне жататын мыс және күміс тиындар табылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Табылған көне мыс пен күміс тиындардың фотосуретін археолог 4 ақпанда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Мыс және күміс тиындар табылды. Бұл ол кезеңде сауда-көлік торабы болған осы аумақтың Парфиямен, Хорезммен, Маргианамен, Бұхара Соғдысымен, Тохаристанмен, Қытаймен және Византиямен тығыз сауда байланысы болғанын көрсетеді, – деп жазды археолог Астафьев.

Зерттеуші Шерқала тауы маңындағы сауда алаңынан табылған тиын Аспабота полисіндегі сауда белсенділігінің басталу кезеңін анықтауға мүмкіндік беруі мүмкін екенін атап өтті.

Археологтың айтуынша, тиындар жалғыз олжа емес. Зерттеу барысында қыш құмыралар да анықталған.

Бұл олжалар ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдени ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу