Маңғыстауға 3 мыңға жуық қандас көшіп келді

265

"Солтүстік өңірлер суық, ауа райына шыдамаймыз".

Маңғыстауға 3 мыңға жуық қандас көшіп келді Фото: tumba.kz

Биылдың өзінде Маңғыстау облысына 3 мыңға жуық қандас көшіп келгені белгілі болды. Маңғыстау қабылдау өңіріне жатпайтындықтан оларға ешқандай қолдау шаралары мен жеңілдіктер жасалмаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Біз Түркіменстан республикасынан өз күшімізбен қоныс аудардық. Квота берілмейтінін ескертті. Оған қарсы емеспіз. Өйткені Маңғыстау ата-бабаларымыздың тарихи отаны. Ағайын-туған, бауыр бәрі осында. Солтүстік өңірлер суық, ауа райына шыдамаймыз, ыстық жерде туып-өскен соң. Балаларымыз жұмысқа орналасып жатыр. Күн көріп кетеміз деп сенеміз",- дейді қандасымыз Ғани Ермұхаммедов.

Қоныс аударушылардың балалары мектеппен, балабақша және дәрігерлік қызметпен қамтылды. Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінсе, еңбекке араласуға да құқылы.

"Қандастардың визаларында Солтүстік өңірлер белгіленген. Сондықтан да алыс-жақын шетелден келгендер сол өңірлерге барып тұруы керек. Маңғыстау қабылдау өңіріне жатпайтындықтан, мемлекет тарапынан бізде ешқандай қолдау жоқ. Көшіп келуші қандастарға да, шетелдіктерге де және Қазақстанның өзге өңірлерінен көшіп келемін деуші азаматтарға да жеңілдік қарастырылмаған", - дейді Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.

Айта кетсек, жыл басынан бері өзге өңірлерге ерікті түрде 157 маңғыстаулық қоныс аударған. Олар негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарына көшкен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу