Маңғыстаулық егіз сарбаздар бір әскери бөлімде азаматтық борышын өтейді

493

Маңғыстаулық ағайынды егіздер Саят пен Саяхат Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтемек. Ағайынды Сұлтанмұраттар мектепке де бірге барып, грек-рим күресімен бірге айналысты. 

Маңғыстаулық егіз сарбаздар бір әскери бөлімде азаматтық борышын өтейді

"Болашақ" Каспий өңірі колледжін "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығы бойынша үздік бітірген. Биылғы күзде әскерге де бір командамен шақырылған олар медициналық комиссиядан, психологиялық зерттеуден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылды.

Мерзімді қызметін өтуге бар ынта-жігерімен барған олар әскери бөлімде де бір-біріне серік болатынына сенімді.

"Сендер кішкентай күндеріңнен кез-келген жұмысты бірге атқаруға дағдыландыңдар. Енді, міне, әскерге де бірге аттанып барасыңдар. Отан алдындағы борыштарыңды адал атқарыңдар. Сапарларың сәтті болсын!", – деді балалардың әкесі Қадырғали Мәдиев.

Егіздермен бірге Маңғыстаудан Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімінде қызмет етуге 40 бозбала аттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу