Маңғыстаулық қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды

455

Маңғыстау облысында "Plus сapital" қаржы пирамидасынан зардап шеккендер іздестірілуде.

Маңғыстаулық қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды

Бұл серіктестіктің қызметкерлеріне және қаржы пирамидасы мен алаяқтықты ұйымдастыру фактісі бойынша басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. "Plus capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ азаматтардың қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденген. Келтірілген залал сомасы 3,6 млрд теңгені құрады. 600-ден астам адам жәбірленуші деп танылды.

Бір күдікті мен нотариус иесі ұсталып, сот үкімімен 12 жылға бас  бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды. Полиция оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу