Маңғыстаулық кәсіпкерлер зәйтүн ағашын егуді қолға алды

Аймақта жалпы құны 27 трлн теңге болатын 8 жоба іске асырылады.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер зәйтүн ағашын егуді қолға алды Фото: malvuk.ua

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысында қолға алынған жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Өңірде "Жасыл сутегін өндіру", "Қаламқас, Хазар және Әуезов" кен орындарын игеру және де құбыр бұйымдарын дайындау, металл балқыту жобалары және де кеме жасау, мұнай-газ химиясы саласы жобалары қолға алынған.

"Ол жалпы құны 27 трлн теңге болатын 8 жоба 3700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар ол аймақта ауыл шаруашылығы саласында биыл құны 1 млрд теңге болатын 4 жоба іске асқанын, жаңадан 80 жаңа жұмыс орны құрылғанын баяндады. Оның ішінде азық-түлік сақтайтын қоймалар, жылыжай кешені, ет өңдеу комбинаты және ет өндіретін консервілеу жобалары бар. 

"Биыл жергілікті кәсіпкерлер Маңғыстау облысында зәйтүн ағашын егу мәселесін қолға алып жатыр. 2 мың түп зәйтүн ағашы егілді. Тәжірибелі түрде Арыс қаласында және Жаркент қалаларында егілген болатын. Егер осы тәжірибе оң тәжірибе көрсететін болса, кәсіпкерлер 10 мың гектарға дейін зәйтүн егіп, майын алып, кәсіп етуді жоспарлап отыр", – деді өңір әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу