Маңғыстаулық кәсіпкерлерге бюджеттен 25 млн теңге қайтарылды

296

2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша міндеттемелер өзгерген болатын.

Маңғыстаулық кәсіпкерлерге бюджеттен 25 млн теңге қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Бұл өзгерістер кәсіпкерлер немесе IV санаттағы объектілердің операторлары деп танылғандар экологиялық алымды төлеуден босатылған.

Алайда, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер  жергілікті бюджетке төлемдер жүргізуді жалғастырған.

Мысалы, "TETHYS AKTAU II" ЖШС (көпфункционалды қонақ үй және туристік кешен құрылысы) жергілікті бюджетке 22 286 149 теңге көлемінде төлем жасаған. Олар бұл алым түрін төлеушілер санатына жатпайды.

Белгілі болғандай, тағы 85 салық төлеуші жергілікті бюджетке 50 157 049 теңге сомасына қаражат аударған.

Маңғыстау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы енгізген қадағалау актісінің негізінде 9 салық төлеушіге 25,1 млн теңге қайтарылды, ал 76-на қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу