Маңғыстаулық шаруаларға қуаңшылыққа байланысты 530 млн теңге төленді

698

Өңірдегі төрт түліктің 44 пайызы Маңғыстау ауданында тіркелген. Биыл қуаңшылыққа байланысты 100 шаруа қожалығы мен 2 493 үй шаруашылығына барлығы 530 млн-ға жуық теңге төленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстаулық шаруаларға қуаңшылыққа байланысты 530 млн теңге төленді

Аудандағы басты мәселенің бірі – ауыл тұрғындарының қолда бар малын тіркемеуі және жайылымға жіберген төрт түлігін бақылып отырмауында болып отыр.

"Тіркелген мал басына салық төленбейді. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл керісінше шаруаларға қаржылай қолдау алуға, ветеринариялық көмекке жүгінуге мүмкіндік береді. Осының барлығын шаруаларға жіті түсіндіру керек. Биылғы қуаңшылық барлығымызға ортақ сын. Мемлекет қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті қаржылық және әкімшілік қолдау көрсететін болады, бірақ мал иелерінің өздері де өз мүмкіндіктерін, орын алған қиыншылықтарды дұрыс бағалап, мал шаруашылығымен тиімді айналысуы қажет. Жайылымы мен жем-шөбін қамтамасыз ете алатын жағдайда мал ұстауы керек", – деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Бүгінде Маңғыстау ауданында қысқы мал азығын дайындау ісі қызу жүруде. Ауданға Қостанай, Ақтөбе облыстарынан 18 300 тонна жем тасымалданды. Ал жалпы жеткізілетін қысқы шөп қоры 8 600 тоннаны құрайды.

"Қазақстан Темір жолы" АҚ-мен келіссөздер жүргізіліп, мал азығын тасымалдауға уақытша төмендетілген тариф енгізді. Егер бұрын бір вагонды тасымалдау 400 мың теңге болса, қазір 100 мың теңгеге жуықтайды.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу