Маңғыстаулық спортшы қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

314

Қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты Өзбекстанда өтті.

Маңғыстаулық спортшы қазақ күресінен Азия чемпионы атанды Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстаулық спортшы Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты Өзбекстанда өтті.  Жарыста 11 елдің спортшылары бақ сынады.

"Ұлттық құрамада өнер көрсеткен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов 1 +100 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Нұрдаулет алғашқы белдесуінде үндістандық спортшыны жеңсе, одан кейінгі белдесулерінде тәжікстандық және жапондық спортшыдан басым түсті", - делінген хабарламада.

Ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Жалпыкомандалық есеп І орын – Қазақстан (8 алтын, 3 күміс, 4 қола), ІІ орын – Өзбекстан (7 алтын, 4 күміс, 4 қола), ІІІ орын – Тәжікстан (1 алтын, 5 күміс, 1 қола) алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу