Алғаш рет қазақ мұнайы игерілген ауылда екі қолға бір күрек таппай жүргендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
"60 жылдан астам мұнай өндіретін Жетібай ауылының азаматтары жұмыссыз жүр. Қазір азық-түлік, тұрмыстық заттар түгел қымбат. Әлеуметтік жағдайымыз бүйірден қысып барады. Мұнай саласынан тұрақты, болашағы бар жұмыспен қамтамасыз етуіңізді талап етеміз",- дейді жұмыссыздар.
Олар мәселені шешуде жергілікті биліктен қайран болмай тұрғанын жасырмады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу