Маңғыстаулықтар көлік дөңгелектерінен екі ауылдың ортасына жол салды

803

Маңғыстаулықтар көлік дөңгелектерінен екі ауылдың ортасына жол салды

Маңғыстаулықтар өз күштерімен екі ауылдың ортасына жол салған. Бұндай ой Үштаған ауылының тұрғындарына келіп, Үштаған мен Жармыш ауылының арасына 1000 көлік дөңгелегін қолдана отырып жол жасаған, деп хабарлайды Today.kz.

Тұрғындар мұндай идеяны ғаламтордан көрген. Тұрғындардың айтуынша екі ауыл арасындағы жол көлік қозғалысы үшін қиындық туғызған. Әсіресе жаңбырлы күні екі ауыл арасындағы қатынас қиындай түседі екен. Жаңа жол осы қиындықтың алдын алуы мүмкін. 

"Көліктің дөңгелектерін бір-бірімен жалғадық. Сосын оны арнайы құммен толтырып, үстін жақсылып бастық", - дейді ауыл тұрғындары. 

Ауыл әкімшілігі жолдың тұрғындарға пайдалы болғанын айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу