Маңғыстаулықтар көлік салығына 774 060 млн теңге берешек

300

Маңғыстау облысында өткен кезеңдерде төленбеген көлік салығы бойынша берешектің жалпы сомасы - 774 060 млн теңге.    

Маңғыстаулықтар көлік салығына 774 060 млн теңге берешек Фото: pixabay.com

Борышкер 9249 азамат бар, оның ішінде 284 492 млн теңгесі өсімпұлды құрайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, тұрғындарға заңнамаға сәйкес сот орындаушыларының банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқығы бар. Сондай-ақ, 40 АЕК-тен берешек сомасы кезінде ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан бөлек қарыз сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Бұл 2023 жылға арналған қаражат. Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

"Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы 15 наурыздан кейін "Каспи банк"АҚ және "Халық банк"АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады. Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" сервисінде web-порталда орналастырылады. kgd.gov.kz, "e-Salyq Azamat" және "Каспи банк" АҚ және "Халық банк"АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында да бар. Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары 2023 жылғы көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомасын көріп, оны төлей алады", - деп хабарлады ведмостводан.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетінін хабарлады.

1 АЕК (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.

Берешек табыс етілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу