Іле Алатауы тауларында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған адамға көмекке келді
Көмекке "Тұйық-су" бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы шықты.
Қызметтік көлікпен № 6 көлге жетіп, құтқарушылар ары қарай жаяу көтерілді. Оларды зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсеткен альпинисттер қарсы алды. Құтқарушылар ер адамды альплагерьге дейін түсіріп, содан кейін "Медеуге" жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу