Маралға төленетін субсидия 3 есеге азайды

682

Биыл Шығыс Қазақстанда маралға төленетін субсидия көлемі 3 есеге дейін азайды. 

Маралға төленетін субсидия 3 есеге азайды Фото: baq.kz

Бұғылар тұқымдасын күтіп-баптайтын шаруалар бұл жаңалықтан соң "машақаты онсыз да көп шаруашылық Үкімет қолдауына зәру" екендігін айтып дабыл қағуда. Егер осылай жалғаса берсе, осы бағыттағы бизнеске де кері әсерін тигізбек.

Марал  мүйізі үшін маңызды. Сондықтан бұл жануарды баққан шығыстағы шаруалар мал басын көбейтуді мақсат еткен. Мұндағы туризм де тікелей осы салаға байланысты. Келушілердің көбі теңбіл бұғы жайылған жерді жағалап, марал баққан кәсіпкерлерге аялдайды. Сондықтан осындағы елдің, үкімет субсидияны азайтпай, керісінше көбейтсе  деген өтініштері бар.

"Асыл тұғымды марал өте қымбат тұрады. Бір басы 500 мың, тіпті одан қымбаты да кездеседі. Біз шаруамызды дөңгелетеміз десек, осындай сау малды алуымыз керек. Оған бәрінің шамасы жетпейді. Жем-шөбі, күтіп-баптауы тағы басқасы бар. Сол үшін мемлекет субсидияны көбірек берсе дейміз", дейді Кәсіпкер Александр Чиликин. 

Шаруалардың бұлай алаңдауына негіз бар. Биыл облыстан марал мен бұғыға небәрі 9 жарым миллион теңге берілетіні белгілі болды. 

Марал баққан шаруалар субсидиядан айырылсақ, кәсібіміз тоқтап қалуы мүмкін деді. Өткені олардың пантамен емдеу тағы бір табыс көзі. Мемлекет қолдауынан қағылса дәл осы жердегі баға шарықтап шыға келеді.

Мұнда демалушылар марал мүйізінің сорпасына түсу үшін келеді. Одан түсетін табыс бұл жануарларға кететін шығыннан аспайды. Шаруалар сол үшін үкімет қолдауына зәру. Мәселен, былтыр 30 миллион теңге субсидия бөлінген. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар алаңдауға негіз жоқ, деейді. Өйткені, өткен жылғы өтінім бергендер 30 миллионның 50 пайызын ғана алған. 

"Біз бөлген ақшалар жеткіліксіз болып жатса, онда керекті көлемде тағы да қарастырылатын болады. Шектеу жоқ", дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Талғат Ойданов. 

Бұл салаға тек субсидия емес, жан-жақты қолдау қажет. Жануарлардың мүйізінен алынған дәрумендер адам денсаулығы үшін таптырмас ем. Сондықтан халық денсаулығын оңалтуға бағытталған тиімді жобаларды тиісті министрліктер бірлесіп қолға алғаны жөн.

Шығыстағы маралдың басты жауы сілеусін. Түз тағылары әсіресе, төлін жеуге өте құмар. Сол үшін иелері тауда жүздеген гектар аумақты қоршауға мәжбүр. Оған да өте көп қаражат керек. Қазір еліміз бойынша бұл жануарлардың жалпы саны 8 мыңнан сәл асады. Оның жеті мыңдайы шығыста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу