Марат Бекетаев Оңтүстік Кореядағы сапарынан кейін Сигнапурға бет алды

781

Корея мен Қазақстан заңсыз еңбек мигранттарымен бірлесе күреседі.

Марат Бекетаев Оңтүстік Кореядағы сапарынан кейін Сигнапурға бет алды

Оңтүстік Корея мен Қазақстан заңсыз еңбек мигранттарымен бірлесе күреседі. Бұл туралы әділет министрінің Сеулге жасаған сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар Марат Бекетаев оңтүстіккореялық әріптесі Пак Санг Кимен инвестицияларды қорғауға бағытталған келісімдерді талқылады. Туристердің құқығын қорғау мәселесі де назардан тыс қалмады.

Марат Бекетаев Оңтүстік Кореядағы сапарынан кейін Сигнапурға бет алды. Онда БҰҰ-ның медиация бойынша конвенциясына қол қойылады. Бұл - халықаралық сауда дауларын реттеуге арналған құжат.

Әділет министрлер және басқа осы құқық мәселесімен айналасатын министрлер осы жиналысқа қатысады. Және олардың ішінде жиырмадай елдер осы конвенцияға қол қоятын болады. Осы конвенция біз үшін өте маңызды, өйткені инвестициялық имидж, инвестициялық режим жақсы жағынан дамыту барлық елдерге көрсетіледі",– дейді Марат Бекетаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу