Марқакөл тағы да қалың қардың астында қалды

414

Жұмысшылар жұмысқа шаңғымен барып жүр. 

Марқакөл тағы да қалың қардың астында қалды Фото: ауыл тұрғындарынан

Шығыс Қазақстанда қыс қайта қаһарына мінді. Соңғы бірнеше күн бойы қатты боран соғып, қар жауып, жұртты әбден титықтатты. Тіпті облыстық маңызы бар жолдары жабылып, кейбірі жолда қалды. 

Қар әсіресе таулы аймақтарға қалың түскен. Мысалы Марқакөл ауданында жауған қардың қалыңдығы бір метрге жеткен. Ал қыс бойы жауған қар үш метрге жуықтаған. 

– Алдыңғы күннен бері жауған қардың қалыңдығы бір метрге жетті. Мұндай апат соңғы рет 1966 жылы болды. Тікұшақпен жем-шөп тасыған. Ол кезде мал қырылған. Жұт болды. Қазір аман алып қалдық қой, малды таудан түсіріп алдық, – дейді Марқакөл аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайырхан Қазыбекұлы.

Айта кетейік, бірнеше күннің алдында жауған қарды техника күрегенімен, кешегі жауған қар қайта басып тастаған. Салдарынан ауыл аралық жолдар қайта бітелген. Тіпті кейбір тұрғындар жұмысқа шаңғымен баруға мәжбүр. 

Тұрғындар ауылдағы жағдайды фотоға түсіріп жіберіп жатыр.  Кей ауыл адамдары жалғыз соқпақ жолмен жүріп жүр. 

Қалың қар Самар ауданына да жауды. Қазір мұндағы қардың қалыңдығы бір метрге жуықтаған. Ауыл іші-сырты күреліп жатыр. Жолда қалған жолаушыларды арнайы жатын орындармен қамтамасыз етілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу