"Марқұм ұшқыштар кінәлі деп танылды": Bek Air ұшағының апатына байланысты сот үкімі оқылды

Алматыда бұдан 6 жыл бұрын, яғни 2019 жылы болған Bek Air ұшағының жантүршігерлік апатына қатысты сот үкімі шықты.  

"Марқұм ұшқыштар кінәлі деп танылды": Bek Air ұшағының апатына байланысты сот үкімі оқылды Фото: ratel.kz

Бұған дейін жарыссөзде прокурор Айдос Палманов ұшақ апатына әуе кемесін басқарған ұшқыштар кінәлі екенін жеткізген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соттың үкімі бойынша, марқұм ұшқыштар – Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (әуе көлігін басқару немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, әрекеттің абайсыздықтан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша кінәлі деп танылды. Олардың өмірден өтуіне байланысты қылмыстық жаза тағайындалмады.

31 қазанда өткен сотта жәбірленуші тараптың адвокаты қаза тапқан ұшқыштарды ақтап, олардың орнына Алматы халықаралық әуежайы мен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерін жауапқа тартуды сұраған-ды. Ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа келіспейтінін айтып, наразылық танытқан еді.

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Астана қаласына ұшқан Bek Air компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Көп ұзамай 95 жолаушысы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны жарияланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу