Марокко тарихында алғаш рет әйел премьер-министр тағайындалды

303

Король сарайының мәліметінше, Мансури Конституция талаптарына сәйкес үкіметті жасақтау мандатын алды. 

Марокко тарихында алғаш рет әйел премьер-министр тағайындалды

Марокко королі Мұхаммед VI Фатима Захра Мансуриді ел үкіметінің басшысы етіп тағайындады. Осылайша Мансури ел тарихындағы үкіметті басқарған алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мансуридің "Аутенттілік және жаңғыру" партиясы парламент сайлауында 395 орынның 97-не ие болды. Алайда партия абсолютті басымдыққа қол жеткізе алмады. Сондықтан жаңа үкіметті құру үшін Мансури басқа саяси партиялармен коалициялық келіссөздер жүргізуі керек.

Сайлауда екінші орынды "Ұлттық тәуелсіздер бірлестігі" 66 мандатпен иеленсе, "Истикляль" партиясы 65 орын алды. Одан кейін "Әділет және даму партиясы" 54, "Халықтық қозғалыс" 29 мандатқа ие болды.

Король сарайының мәліметінше, Мансури Конституция талаптарына сәйкес үкіметті жасақтау мандатын алды. Оның алдында жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік теңсіздікті қысқарту және азаматтардың саяси институттарға деген сенімін арттыру міндеттері тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу