Мароккодан Испанияға мигранттар ағылып, 18 адам суға батты

549

Соңғы екі апта ішінде 2 мыңға жуық мигрант Жерорта теңізі арқылы жетуге әрекет жасаған.  

Мароккодан Испанияға мигранттар ағылып, 18 адам суға батты Фото: Associated Press

Қауіпті сапар кезінде кемінде 18 адам суға батып қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазір Мароккомен шекаралас Сеута анклавында көші-қон дағдарысы күшейді. Мигранттар ағынына байланысты құқық қорғау органдары жағдайды толық бақылауда ұстай алмай отыр. Осыған байланысты Марокко мен Испания шекарадағы бақылауды күшейтіп, бірқатар өткізу бекеттерінің жұмысын уақытша тоқтатты.

Шекарадағы бақылаудың босаңсуына Испания Жоғарғы сотының шешімі мен әлеуметтік желідегі қауесеттер себеп болған. Қазір екі ел арасында заңсыз өткендерді кері қайтару бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Сеута билігі мұны ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп бағалап, үкіметтен төтенше жағдай жариялауды сұрады.

Шекарадағы жағдай Мадрид пен Рим арасында да саяси шиеленіс туғызды. Осыған байланысты Италияның Премьер-министрі Джорджа Мелони Испаниямен арадағы Шенген келісімін уақытша тоқтатуға ниетті екенін жеткізді.

Сарапшылардың айтуынша, жаппай көшуге Марокко Жоғарғы сотының шешімі туралы жалған ақпараттың таралуы себеп. Қылмыстық топтар мен адам тасымалдаушылар халыққа "Теңіз арқылы елден шыққан адамды Марокко кері қабылдамайды, ал Еуропа оларды қабылдауға міндетті" деген жалған ақпарат таратқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу