Мәртебесі "сары" немесе "қызыл" жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді

1220

Олар билеттерін қайтара алады немесе қайта брондауға құқылы. 

Мәртебесі "сары" немесе "қызыл" жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жүйесі толыққанды іске қосылды. Алгоритмге сәйкес, "қызыл" және "сары" статусы бар жолаушылар терминал ғимаратына жіберілмейді. 

"Терминал ғимаратына жіберілмеген жолаушылар ақшасын қайтаруға қатысты сұрағын әуе компаниясына жолдауы тиіс. Егер мәртебесі "қызыл" болса, билетті қайтару немесе қайта брондауға болады. Ал "сары" мәртебе анықталса қайта брондау немесе билетті қайтару жолаушы мен тасымалдаушы арасындағы шарт аясында жүзеге асырылады", – деді Ардақ Өтепов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу