Мас күйінде анасын бірнеше жерден пышақтаған ер адам Вьетнамнан экстрадицияланды

168

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мас күйінде анасын бірнеше жерден пышақтаған ер адам Вьетнамнан экстрадицияланды Фото: Бейнежазбадан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған деп күдіктелді.

Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу