"Масаң күйде болған": Ақтөбе облысында өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын көлік тізгіндеген

210

Патрульдік полиция қызметкерлері таңғы сағат 06:00 шамасында ВАЗ-2114 автокөлігін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан.  

"Масаң күйде болған": Ақтөбе облысында өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын көлік тізгіндеген Фото: alcomera.ru

Осылайша Ақтөбеде таңғы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында көлік тізгініндегі азаматтың бұрын өмір бойына көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Бұдан бөлек, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 38 жүргізуші анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу