Машина жасау саласы өндірістің драйверіне айналды

872

Автомобиль дискілерін қолдану бойынша кооперация басталды.

Машина жасау саласы өндірістің драйверіне айналды

Соңғы 8 айда машина жасау саласының өндірісі 16,3% артты. Үкімет отырысында индустрияландыру картасы мәселелері бойынша баяндама жасаған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, өнеркәсіп салаларының ішінде машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсеткен. Өндіріс көлемі 8 айда 16,3% ұлғайып, автомобиль жасау секторы 51,8% өсіммен қндірістің драйверіне айналған. 

"Алматы қаласында жылына 45 мың бірлік қуаты бар Hyundai маркалы жеңіл автомобиль шығаратын зауытты іске қосу отандық автомобиль жасау нарығының қуатын екі есе арттырады. Бұл жобаны іске асыру бізге шанағын қалыптау және бояу арқылы автомобильдерді ұсақ түйіндік құрастыруға көшуді қамтамасыз етеді. Биылдан бастап отандық автоөнеркәсіп және металлургиялық компания арасында "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында өндірілетін автомобиль дискілерін қолдану бойынша кооперация басталды. Бұл автоөнеркәсіпті оқшаулауды ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу