Мәсімовке қатысты іс Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады

540

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі сотқа жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мәсімовке қатысты іс Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады Фото: malim.kz

"Бүгінгі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов тарапынан мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, биліктің және және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану жөніндегі қылмыстық істерді тергеу аяқталды. Бас прокуратура айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады", - деді Бас прокуратура өкілі.

Сондай-ақ ол аталмыш органның өңірлік деңгейдегі басшыларына қатысты істер туралы мәлімет берді.

"Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің экс-басшылары, Алматы облысы полиция департаменті мен Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімініңбұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде", - деді Елдос Қилымжанов.

Бұған дейін Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу