Мәсімовтің үйінен табылған самурай қылышы аукционда сатылды

116

Қайтарылған активтерді басқаратын компания бұрын тәркіленген сәнді мүліктерді – сағаттар, зергерлік бұйымдар мен түрлі аксессуарларды сатылымға шығарды.

Мәсімовтің үйінен табылған самурай қылышы аукционда сатылды Фото: e-qazyna.kz

Аукционға жалпы құны 520 миллион теңгеден асатын 42 сәнді зат қойылғанымен, олардың көбі сатып алушыларын таппады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тек бір зат – ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің жекежайынан алынған "қынабындағы самурай қылышы" 540 мың теңгеге сатылды.

Бұған дейін де тәркіленген қылыштар мен коллекциялық монеталар аукционда 10 миллион теңгеге дейін бағаланған болатын.

Айта кетейік, биыл Мәсімовтің Астанадағы 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім сарайы бірнеше рет сатылымға шығарылып, кейін Оқу-ағарту министрлігіне берілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу