Маск Tesla акцияларын 4 миллиард долларға сатты

639

Кәсіпкер Илон Маск Tesla компаниясының 19,5 миллион акциясын шамамен 4 миллиард долларға сатты. 

Маск Tesla акцияларын 4 миллиард долларға сатты Фото: google

АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) құжатына сәйкес, американдық кәсіпкер Илон Маск Tesla автомобиль өндірушісінің 19,5 миллион акциясын шамамен 4 миллиард долларға сатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Масктың қаражаты Twitter-ді сатып алу кезінде болған Tesla компаниясының акциялар бағасының құбылмалығына байланысты 200 миллиард доллардан азайды. 

Қазан айының соңынан бастап, Маск соттың шешімімен Twitter-ді сатып алу туралы келісімді жапқан кезде Tesla акцияларының бағасы бірден 15,04%-ға төмендеді.

Қазан айының соңында Маск Twitter компаниясын сатып алу бойынша 44 миллиардтық келісімді аяқтады. Ол қатты цензураға түскендіктен көпшіліктің сынына қалған әлеуметтік желінің редакциялық саясатын либеризациялауға уәде берді, сонымен қатар ондағы ақпарат кеңістігін модерациялау кеңесін құрды. Кеңес жұмыс істемейінше, ол редакциялық саясат пен бұғатталған аккаунттарды қалпына келтіру сынды ірі шешімдер қабылдамауға тырысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу