Илон Маск Tesla-ның штаб-пәтері басқа штатқа көшетінін мәлімдеді

994

Ол бұған дейін Калифорнияда пандемияға байланысты енгізілген шектеу шараларын сынға алға болатын. 

Илон Маск Tesla-ның штаб-пәтері басқа штатқа көшетінін мәлімдеді

Tesla басшысы Илон Маск компанияның штаб-пәтерін Техастағы Остин қаласына көшіретінін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz миллиардердің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Мен штаб-пәтерді Калифорниядағы Пало-Альтодан Техас штатының Остин қаласына көшіремін", – деді ол. Алайда кәсіпкер мұндай шешім қабылдауға не түрткі болғанын ашып айтпады.

Қазіргі уақытта Tesla штаб-пәтері орналасқан Пало-Альто Кремний алқабының бейресми астанасы және әлемдік жоғары технологиялар орталығы болып саналады. Google, Apple және Facebook сияқты интернет-алыптардың штаб-пәтерлері де осында орналасқан.

Tesla-ның Техас пен Калифорния штаттарында өз зауыттары бар. Маск бұған дейін Калифорнияда пандемияға байланысты енгізілген шектеу шараларын сынға алға болатын. Шектеулер кесірінен өндіріс қарқыны төмендеген. Кәсіпкердің айтуынша,  әуе құрылыс саласындағы және басқа да компаниялар өндірісті Калифорниядан басқа штаттарға ауыстырған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу