Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді қашан жабатыны белгілі болды

412

Кәсіпкер жұма күні (28 қазан) Twitter әлеуметтік желісін сатып алу туралы келісімді жабуға ниетті, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді қашан жабатыны белгілі болды Фото: Anadolu Agency

"13 миллиард доллар қарыз беріп отырған банктер соңғы несиелік келісімді дайындауды аяқтады және құжаттамаға қол қою процесінде, яғни Маскқа жақын арада ақша жіберіледі", – деді агенттік сұхбаттасушылары, деп хабарлады inbusiness.kz "Ведомостиге" сілтемемен.

Банктер сейсенбіде қарыз берілгені жайлы хабарлама алса, қолма-қол ақша бейсенбі күні алушының депозиттік шотына түседі деп күтілуде.

Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу туралы келісімге сәуір айында қол жеткізілді, бірақ 8 шілдеде Маск келісімнен ресми түрде бас тартып, компанияны құлақ қағыс етті. Мұның себебі әлеуметтік желінің боттар есебінен нақты пайдаланушыларының санын артық етіп көрсетуі болды.

Масктың мәміледен бас тарту туралы шешіміне жауап ретінде әлеуметтік желі басшылығы оған қарсы сотқа арыз берді.

Компанияның пікірінше, Маск Twitter акцияларының құнының төмендеуіне байланысты мәміледен бас тартқысы келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу