Маск Украинадағы Starlink жұмысы қалай қаржыландырылатынын айтты

507

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Украинадағы Starlink спутниктік интернетінің 25 мың терминалы бар, оның 11 мыңын бірқатар елдер, ұйымдар мен жеке тұлғалар төлейтінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Маск Украинадағы Starlink жұмысы қалай қаржыландырылатынын айтты Фото: ETtech

Ал қалғанын SpaceX компаниясы айына 20 миллион доллар жоғалтса да, қаржыландыра беретінін мәлімдеді. 

Ол бұған дейін Пентагонға шығындарды өз мойнына алу туралы ұсыныс жасаған, бірақ кейінірек өз сөзінен бас тартты.

"АҚШ Қорғаныс министрлігінен бір тиын алынбайды, бірақ бірнеше басқа елдер, ұйымдар мен жеке адамдар 25 мың терминалдың шамамен 11 мыңын төлейді (рахмет!) ", – деп жазды ол Twitter-де.

 

"SpaceX кибер әскери қорғаныс үшін жоғары қауіпсіздік шараларына байланысты төленбейтін қызметтер мен шығындардан айына шамамен 20 миллион доллар жоғалтады, бірақ қаржыландыру жалғасады (күрсінеді)", – деп қосты Маск.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу