Маск Украинаға $100 млн жіберді

443

Бизнесмен Стивен Кингтің жазбасына жауабында қайырымдылық жасағаны туралы айтты. 

Маск Украинаға $100 млн жіберді Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Украинаға қайырымдылық ретінде 100 миллион доллар бергенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Белгілі жазушы Стивен Кинг Twitter-дегі көк белгісін Украинаны қолдау қорына жіберсін деген өтінішпен Маскқа жазған, оған бизнесмен өз жауабын берді. 

"Мен Украинаға 100 миллион доллар бердім, ал сіз қанша жіберіп едіңіз? Айтпақшы, біз [АҚШ] Қорғаныс министрлігінің ақшасынан да бас тарттық", - деп жауап берді ол.

Twitter әкімшілігі Twitter Blue жазылымын сатып алмаған пайдаланушылардың парақшасынан есептік жазбалардың түпнұсқалығын көрсететін көк құсбелгілерді алып тастауды бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу