Маск ядролық соғыстан қорқып Украинада Starlink жүйесін өшірді — CNN

377

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев америкалық кәсіпкер Илон Маскты Америкадағы соңғы есі дұрыс адам деп атады.

Маск ядролық соғыстан қорқып Украинада Starlink жүйесін өшірді — CNN Фото: eadaily

Өйткені CNN журналист Уолтер Айзексон жазған Илон Масктың  өмірбаянына сілтеме жасап, кәсіпкер ядролық соғысты болдырмау үшін Украинада Starlink спутниктік серверін өшіргені туралы хабар таратқан, деп жазады Inbusiness.kz.

"Уолтер Айзексонның "Илон Маск" жаңа өмірбаянынан үзіндіге сәйкес, Маск өзінің инженерлеріне өткен жылы Ресей әскери-теңіз күштеріне Украинаның тосын шабуылын тоқтату үшін өз компаниясының Қырым жағалауындағы Starlink спутниктік желісін өшіруді жасырын түрде бұйырды. Жарылғыш заттармен толтырылған украиналық суасты дрондары Ресей флотына жақындағанда "байланыс жоғалып, ешқандай зиян келтірмей, жағаға шықты", - деп жазады Айзексон. 

Жалпы кітап авторының айтуынша, Масктың мұндай шешіміне оның Ресейдің ядролық қару қолдануы мүмкіндігінен қорқуы болды. Кәсіпкерге қорқыныш сезімін ол жиі араласатын ресейлік олигархтар ұялатқан болуы керек. Кітап 12 қыркүйек жарық көреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу