Мәскеу әуежайларында рейстер тоқтап, кейінге қалып жатыр

389

Үш әуежайында 23 рейс тоқтатылды.

Мәскеу әуежайларында рейстер тоқтап, кейінге қалып жатыр Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеудің үш әуежайында 23 рейс тоқтатылып, кейінге шегерілді. Бұған Yandex.Schedule сервисінің деректері дәлел, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Внуковоға баратын жеті ұшақтың рейсі кейінге шегеріліп, сегіз рейс тоқтатылғаны хабарланды.

Домодедовода төрт рейс кейінге қалдырылды, біреуі тоқтатылды.

Шереметьевоға үш рейс ауыстырылды.

Мәскеу әуежайындағы ұшақтардың ұшу уақытының жаппай өзгеруі не себептен екені айтылмады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу