Мәскеу әуежайларының бірінде ұшақтарды қабылдауға және жөнелтуге шектеу қойылды

427

Бұған дейін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Мәскеу облысындағы радио-электронды күрес көмегімен украиналық дронға тойтарыс берілгенін хабарлады.

Мәскеу әуежайларының бірінде ұшақтарды қабылдауға және жөнелтуге шектеу қойылды Фото: Anadolu Agency

Мәскеу Внуково әуежайы рейстерді уақытша қабылдамайды және ұшырмайды, деп хабарлады Inbusiness.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әуежайға қатысы жоқ себептерге байланысты Внуковода әуе кемелерін қабылдауға және ұшыруға уақытша шектеулер енгізілді. Қауіпсіздік мақсатында 06:25-тен бастап рейстердің бір бөлігі басқа әуе айлақтарына бағытталды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі радиоэлектрондық күрестің көмегімен украиналық дронды қаққанын, ұшқышсыз ұшу аппараты Мәскеу облысының Рузск ауданында апатқа ұшырағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу