Мәскеу биржасы жұмысын қайта жандандырды

940

Инвесторлар тек 33 қағазбен сауда-саттық жасай алады.

Мәскеу биржасы жұмысын қайта жандандырды

Мәскеу биржасы бір айға жуық үзілістен соң жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы forbes.ru-ға сілтеме жасап.

Биыл 24 наурызда Ресей банкі Мәскеу биржасында MICEX индексіне кіретін 33 акциямен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл қағаздардың сауда-саттығы Мәскеу уақытымен 09:50-ден 14:00-ге дейін өтеді. Оларды қысқа уақытта сатуға тыйым салынады.

Мәскеу индексіне (IMOEX) кіретін және жеке акциялармен сауда-саттық әдеттегідей Мәскеу уақытымен 10:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі.

Инвесторлар бірінші кезеңде тек 33 акциямен сауда-саттық жасай алады. Оған "Сбер", ВТБ, "Газпром", "Лукойл", МТС, "Роснефть", НЛМК, "Новатека", "Татнефть" компанияларының акциялары кіреді.

Айта кетейік, Мәскеу қор биржасында соңғы рет сауда-саттық 25 ақпанда өткен еді, ал 24 ақпанда Ресей Украинада "әскери операция" бастайтынын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу