Мәскеуде бизнес орталығы өртеніп жатыр

637

3 маусым Ресей астанасының батысындағы "Гранд Сетунь-Плаза" бизнес орталығы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәскеуде бизнес орталығы өртеніп жатыр

Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, алдын ала мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ, өрттің шамамен 1000 шаршы метр аумақты шарпыған.  

Оқиға орнында 180 адам мен 41 техника жұмыс істеуде. Оған тікұшақтар да тартылды.

Ведомство өртеніп жатқан ғимараттан 120-дан астам адам құтқарылғанын, адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына, қасбетке жарық сымдарының дұрыс орнатылмауы салдарынан қысқа тұйықталу себеп болған. 

Бизнес орталығының 5 пен 6-қабаттарында 15 шақты адам болуы мүмкін. 

Мәскеу мэрі Собянин келушілерді эвакуациялау бойынша барлық қажетті шаралар туралы тапсырма берді.

Оқиғаға байланысты Мәскеу прокуратурасы тергеу бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу