Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауы жеңімпазының денесі табылды

1337

Мәскеуде 37 жастағы актриса, "Қазақстан аруы- 2000" байқауының жеңімпазы болған Наталья Семагоның (Стешенко) денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz "112" Телеграм арнасына сілтеме жасап.  

Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауы жеңімпазының денесі табылды Фото: Видеодан скриншот

Актриса өзінің пәтерінен ес-түссіз жатқан күйінде табылған. Марқұмның денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Жанында көршілерінен жедел жәрдем шақыруды сұраған бала болған.

Наталья Семаго 1984 жылы 3 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келді. Ол 2000 жылы "Қазақстан аруы" атағын жеңіп алған. Актриса Мәскеудегі "Луна" театрында еңбек етті.  Сондай-ақ ол "Алданған әйелдер Лигасы" фильмінде басты рөлді сомдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу