Mash арнасының дерегінше, Сабуров көші-қон тәртібін бұзғаны үшін ұсталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нақтырақ айтқанда, ол Ресейде көші-қон есебіне тіркелу мерзімін кешіктірген. Бұл - Ресей Федерациясы Әкімшілік кодексінің 18.8-бабына сәйкес құқықбұзушылық.
Нұрлан Сабуровқа 5000 рубль көлемінде айыппұл салынды. Енді ол Ресейден шығып, кейін елге қайта заңды түрде кіруі қажет. Айта кету керек, әзілкешке Ресейге кіруге тыйым салынған жоқ.
Бұл бап бойынша ең қатаң жаза — бес жылға дейін елге кіруге шектеу қою. Алайда Сабуровтың ісінде мұндай шара қолданылған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу