Мәскеуде Ұлттық банк өкілдігі ашылады

953

Ресейде реттеуші өкілдігінің болуы стратегиялық жағынан маңызды қадам.

Мәскеуде Ұлттық банк өкілдігі ашылады

Қазақстанның Ұлттық банкі Ресей астанасы Мәскеуде өкілдігін ашпақ. Қаржы реттеушісі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің сауалына осылай жауап жолдаған.

Жауапта айтылғандай, бұл қос елдің әріптестігін дамытуда стратегиялық жағынан маңызды қадам болмақ. 

Қазіргі кезде қажетті номативті құжаттарды мақұлдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

"ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестерді, сондай-ақ Ресейдің Орталық банкімен және Мемлекетаралық банк, Еуразиялық экономикалық комиссия және ТМД бойынша атқарушы комитет секілді қаржы ұйымдарымен тығыз байланыс жасау қажеттілігін ескерсек, онда бұл Мәскеуде Ұлттық банк өкілдігін ашудың дер кезі",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу